Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы «Пәкістан монументі» ұлттық мемориалдық кешеніне барды
16:39 / 2022-03-04

Президент Шавкат Мирзияев Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапары барысында «Пәкістан монументі» ұлттық мемориалдық кешеніне барды.

Исламабад қаласындағы бұл кешен аумағы шамамен 3 гектар болып, онда үш жыл бойы құрылыс жұмыстары жүргізілді және 2007 жылы ашылды.

Ескерткіштің пішіні гүл жапырағына ұқсайды. Төрт үлкен жапырақ Пәкістанның төрт провинциясын білдіреді.

Бір қызығы, кешен бабырлар сәулет дәстүрлері негізінде салынған. Мұнда тарих мұражайы да бар.

Мемлекет басшысына кешендегі картиналардың тарихы туралы айтылды.