Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ делегациясын қабылдады
21:13 / 2025-04-07

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 7 сәуір күні Парламентаралық одақтың Төрайымы Тулиа Аксон мен Бас хатшысы Мартин Чунгонг бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу барысында Парламентаралық одақтың жоғары лауазымды өкілдері Мемлекет басшысын Ташкент қаласында ұйымның мерейтойлық Ассамблеясының сәтті ұйымдастырылуы және оның жалпы отырысында мазмұнды сөз сөйлегені үшін шынайы құттықтады.

Мұндай ауқымды халықаралық форумның Өзбекстанда ұйымдастырылып, ұсынылған бастамаларға кең қолдау көрсетілгені — Жаңа Өзбекстанда жүргізіліп жатқан артқа қайтпас реформалар мен, әсіресе, парламентаризмді дамыту борасындағы жетістіктердің халықаралық мойындалуы екені атап өтілді.

Өзбекстан мен Парламентаралық одақ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейге көтеріліп, нақты нәтижелерге жеткені айтылды.

Соңғы жылдары бірлескен күш-жігер нәтижесінде Бұхара қаласында Тұрақты даму мақсаттарына арналған парламентаралық форум және Ташкентте әйел парламент спикерлерінің 14-саммиті сәтті ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан Парламенттердің Тұрақты даму мақсаттарына жетудегі рөлін арттыру жөніндегі арнайы резалюциясы қабылданды.

Кездесуде елдер мен халықтар арасындағы бейбітшілік пен сындарлы диалогты нығайту, «жасыл» даму мен жасанды интеллект саласында заң шығару қызметін кеңейту, әйелдер мен жастардың парламент жұмысына қатысуын арттыру бағытындағы бағдарламаларды іске асыруда парламенттік дипломатияның маңызы ерекше екені атап өтілді.

Кездесу соңында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Парламентаралық одақ Бас хатшысы Мартин Чунгонгті парламенттік дипломатияны ілгерілету мен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлкен үлесі үшін «Достық» орденімен марапаттады.

Айта кету керек, Өзбекстан 2017 жылы Парламентаралық одақтағы белсенді қатысуын қайта жандандырды және бүгінде ұйымның барлық атқарушы құрылымдарына толыққанды мүше ретінде қатысып келеді.