Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы осы аптада Сұрхандарияға барады
17:04 / 2021-05-31

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Мемлекет басшысының жұмыс аптасының жоспары бойынша журналистерге брифинг өткізді.

Брифинг басында Шерзод Асадов Президенттің өткен аптадағы қызметіне шолу жасап осы аптадағы қатысатын іс-шаралар туралы айтты. Онда, Президент Шавкат Мирзияев бүгін туризмді дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалардың тұсаукесеріне қатысатыны мәлім болды. Сондай-ақ, жұма күні жер есебі және мемлекеттік кадастрлар бойынша бейнеконференция өтеді.

Сонымен қатар, осы жылдың 1-2 маусымы күндері Президенттің Сұрхандария облысына сапары жоспарланған.

Президент Баспасөз хатшысы, Шавкат Мирзияевтің бастамасымен құрылған Орталық Азия Мемлекет басшылары Кеңесінің оффлайн форматтағы, бетпе-бет кездесуі жайлы мәлімет беріп, бұл саммитті өткізу мәселесі қазіргі уақытта қарастырылып жатқаны туралы айтты.