Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы қоғамда қыз-келіншектер мен жастардың рөлін арттыруға арналған жиын өткізді
20:44 / 2020-10-08

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 8 қыз-келіншектер мен жастардың қоғамдағы рөлін арттыру және жұмыспен қамтуға арналған бейнеконференциялы жиын өтті


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 8 қазанда әйелдер мен жастардың қоғамдағы рөлін арттыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларына арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

Жиында әрбір махаллада қыз-келіншектер мәселесі бойынша жеке төрағаның орынбасары тағайындалды және ауданда - махалла және отбасы бөлімі басшысының орынбасары мен 2 маман, ал облыста - 8 штатқа дейін тағайындалтын болды.

Бұдан бөлек, жастар мәселесін шешу мақсатында Президенттің қабылдау бөлімдері, ал қыз-келіншектер мәселесін шешу үшін Кәсіподақ мекемесіне бекітілді.

Мемлекет басшысы жиында жастары қолдау жайында сөз айтып, - Бұдан былай адамдардың үйлеріне барып, жұмысқа мұқтаждарды жұмыспен қамту жүйесін құруымыз керек. Енді көшбасшылар үйме-үй жүріп, мәселелерді шешетін болса, сол жерде жағдай өзгереді. Басты мақсат - экономикалық тұрақтылықтан тиімділікке көшу, -деді Шавкат Мирзияев.

Жұмыссыз жастар мен қыз-келіншектерде мотвация беріп, оларды кәсіби дағдыларға қалыптастыру, психологиялық, құқықтық, медициналық және қаржылық қолдау көрсетудің маңыздылығы айтылды және оларды жұмыспен қамту әкімнің инвестициялар жөніндегі орынбасарларының, аудандық және қалалық жұмыспен қамту бөлімдерінің, Кәсіпкерлікті қолдау орталығының, Премьер-Министрдің қабылдау бөлмінің және банктердің маңызды міндеті болуы керек екендігі сөз болды.

Зерттеу нәтижесінде мәлім болғандай көмекке зәру қыз-келіншектердің 55 пайызы орта білімді екендігі анықталды. Жұмыссыз жастардың да көпшілігінде заманауи білім мен өнер иесі емес.

Сондықтан осы міселеге ерекше тоқталып өткен Президент: - Егер біз жастар мен қыз-келіншектерді еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандықтарға жүйелі түрде дайындап, оларға лайықты жұмыс табуға көмектесетін болсақ, көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешіледі. Оған тек мемлекеттік білім беру мекемелерін ғана емес, мыңнан астам үкіметтік емес кәсіптік оқыту орталықтарын да тарту керек, - деді Шавкат Мирзияев.

Жиын қорытындысына орай Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігіне Кәсіп пен лауазымдар классификациясы бойынша жоғары білімді қажет ететін мамандықтар мен лауазымдардың санын қысқарту міндеті тапсырылды. Ал, әкімдерге әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары «жастар кітапшасы» бойынша, отбасы мәселелері жөніндегі орынбасарлары «қыз-келіншектер кітапшасы» үшін жауапты болып белгіленді.