Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Нөкіс қаласындағы ықшамауданға барды
19:56 / 2022-02-24

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Нөкіс қаласындағы «Чимбай Гузари» махалласында болды.

Тұрғындардың тұрмыс жағдайын көру үшін келуі кездейсоқ емес. Мұнда адамдар 2000 жылдардан бастап бірте-бірте қоныстана бастаған. Үйлер жоспарсыз салынғандықтан, көшелер ретсіз болып, жарық пен ауыз су жетіспейтін.

Қазірге келіп аудан тұрғындарының саны 14 мыңнан асты. Мұнда әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мәселесі өзекті болды. Сондықтан аудан жақында «Обод махалла» бағдарламасы аясында абаттандырылып, көшелер жөндеуден өтті және жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Трансформатор мен бағаналар орнатылып, электр желілері тартылды. Арықтар тазартылып, ағаштар отырғызылды.

Махаллада жұмыс та, медициналық қызмет те болған емес. Сондықтан жеңіл құрылыс тоқыма кәсіпорны құрылды. Мұнда 300-ден астам әйел жұмысқа орналасты. Мемлекет басшысы олармен әңгімелесті.

– Бұл мекендегі өзгерістерді, сіздердің жұмыспен қамтылғаныңызды көріп қуандым. Қолында өнері бар әйелдің көңіл-күйі жақсы, шаңырағы тұрақты болады. Бізде әлі де мұндай көп жұмыс істеуіміз керек. Бұл шынымен қиын болады. Бірақ біз бір отбасымыз. Біз бірлесіп барлық жоспарларды жүзеге асыра аламыз, – деді Шавкат Мирзияев.

Президент осында аудан орталығын салып, қаладағы басқа да қиын аудандарды абаттандыруды тапсырды.

Осындағы медициналық қызмет көрсету пункті де тексерілді. Қарақалпақстанда жаңа клиникалар мен медициналық кластерлер салу жоспарлары талқыланды.

Махаладағы «Куктепа» көшесіндегі 8 үй үлгілі отбасыға айналдырылған. Аулалары ретке келтіріліп, жылыжайлар салынған. Мемлекет басшысы осы отбасылардың бірі Ғабит Жүсіпов шаңырағына барды.

– Кешеден бері Қарақалпақстанның ең шалғай, ең ауыр облыстарына барудамыз. Қазір маған айтты: Нөкіс қаласында жағдайы нашар тағы жеті махалла бар екен. Оларды абаттандыру, жолдар, су, жарықты жөндеуді жоспарлап отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.