Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласындағы 9 айдың қорытындысы мен жыл соңына дейін орындалуы тиіс міндеттерді талқылауға арналған кеңес өткізді
20:39 / 2020-10-21

Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен өнеркәсіп саласындағы 9 айдың қорытындысы мен жыл соңына дейін орындалуы тиіс міндеттерді талқылауға арналған бейнеконференциялы жиын өтті


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен өнеркәсіп саласындағы 9 айдың қорытындысы мен жыл соңына дейін орындалуы тиіс міндеттерді талқылауға арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

Пандемияның салдары елдегі өнеркәсіптік өндіріс деңгейіне де әсер етпей қоймады. Сондықтан мемлекет әр саланы қолдау бойынша жедел шаралар қабылдап, карантин кезеңінде де өндірісті тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде өндірісте болуы мүмкін елеулі шығындардың алды алынды.

Экономикаға жоғары қосылған құнды қамтамасыз ететін өңдеу өнеркәсібінің 9 айда шамамен 3 пайызға өскені назар аудартады. Атап айтқанда, электр жабдықтарының өндірісі 25 пайызға, тоқыма бұйымдары 12 пайызға, металл рудасын өндіру 7 пайызға және құрылыс материалдары өндірісі 6 пайызға өсті.

Бұдан бөлек, автокөлік 1,5 есе, электро техникалық бұйымдар 1,3 есе, тоқыма бұйымдары 16 пайыз және мыс сым 15 пайыз көп экспортталды. Нәтижесінде жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 0,4 пайызды оң деңгейді сақтап қалды және бюджет кірістері 1,9 трлн сум қаржы артығымен орындалды.

Жыл соңына дейін табиғи газ өндірісін ұлғайту және ішкі нарыққа қосымша газ беру туралы тапсырмалар берілді. Сондай-ақ 740 мың тонна мұнай мен конденсат, 203 мың тонна сұйытылған газ және 125 мың тонна полиэтилен алу міндеті қойылды.

Электротехника саласында 12 түрлі өнімді локализациялау жоспарланып, Мемлекет басшысы бұл нысандарды тезірек іске қосу, бәсекелестікті қамтамасыз ету, тауарлардың бағасын төмендету және экспортты кеңейту маңыздылығын атап өтті.

Нарықтық механизмдер толық енбеген салаларды қайта құру маңызды болып отыр. Осыған байланысты Президент өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметін жетілдіруді, менеджменттің халықаралық жүйесін енгізуді тапсырды.

Жалпы алғанда, қалған үш ай көлемінде құны 7 млрд долларды құрайтын 80 желі және 44 ірі аймақтық жобаны іске қосу маңыздылығы айтылды.

Жиын соңына қарай Мемлекет басшысы: - Бүгін мен экспорттаушы кәсіпорындарды қаржылық қолдауды кеңейту туралы жарлыққа қол қойдым. Енді жаңадан құрылған Экспортты қолдау қоры арқылы осындай кәсіпорындарға қосымша қаражат бөлінеді. Ол үшін қорға 100 миллион доллар бөлініп жатыр. Бұл өз кезегінде өнімді сыртқы нарыққа үздіксіз жеткізуге арналған кәсіпорындардың айналым қаражаттарына бағытталатын болады, - деді Шавкат Мирзияев.

Осы мәселе жөніндегі тиісті міндеттерді тез арада тиімді және мақсатты түрде шешу үшін Премьер-министрдің орынбасарларына жыл соңына белгіленген межелерді қамтамасыз ету міндеті тапсырылды.