Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Мемлекет басшысының жұмыс аптасының жоспары бойынша журналистерге брифинг өткізді.
Брифинг басында Шерзод Асадов Президенттің өткен аптадағы қызметіне шолу жасап осы аптадағы жұмыс кестесімен қатысатын іс-шаралар туралы мәлімет берді. Онда, Президент Шавкат Мирзияевтың қатысуында бүгін денсаулық сақтау мәселелері бойынша ұсыныстар және (ең алдымен онкология және гематология саласындағы) Ташкент облысы мен Татарстан арасындағы ынтымақтастық туралы презентация, ертең жоғары білім беру саласындағы реформалар және биылғы қабылдау процесіне дайындық туралы бейнеконференциялы жиыны өтеді.
Сондай-ақ, 15 маусымда Мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметінің министрі Әл-Гергавимен, 16 маусымда Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесуі жоспарланған.
17-18 маусым аралығында Мемлекет басшысы Әндіжан облысына сапармен баратыны айтылды.