English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Әндіжан мен Ташкент облыстарындағы инвестициялық жобалардың таныстырылымына қатысты
00:10 / 2021-02-09

8 ақпанда Президент Шавкат Мирзияев Әндіжан мен Ташкент облыстарындағы инвестициялық жобалардың таныстырылымына қатысты.

Бастапқыда биыл іске қосылатын жобалар туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, биыл Әндіжан облысында жалпы құны 1 млрд 433 млн долларды құрайтын 616 жоба пайдалануға беріледі. Салалар бойынша олардың 258-і өнеркәсіпте, 185-і қызмет көрсетуде және 173-і ауыл шаруашылығында. Бұл жобалар нәтижесінде 61 мың жаңа жұмыс орны ашылып, шамамен 10 трлн сум көлемінде өндірістік қуат құрылып, 95 млн долларлық импортты алмастыру және 265 миллион долларлық экспорт мүмкіндігі пайда болады.

Жобалар бойынша қарқынды жұмыстармен қатар жаңалары да қалыптасуда. Мәселен, Әндіжан облысында құны 782 млн доллар құнды 53 жаңа инвестициялық жоба әзірленді. Бүгінгі презентация барысында осы жобалардың болашағы мен қаржыландыру көздері және инфрақұрылым туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы жұмыс орындарына сұраныс жоғары елді мекендерде жобаларды орналастырудың, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік кәсіпорындарының санын көбейтудің және халықты жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті.

Ташкент облысында биыл 355 жоба іске қосылады. Жалпы құны 1 млрд 624 млн долларды құрайтын жобалардың 198-і өнеркәсіпке арналса, 81-і қызмет көрсетуде, ал 76-сы ауыл шаруашылығына арналған. 

Осы жобалар негізінде 35 млрдқа жуық өндірістік қуат құрылып, 13 мың адам жұмыспен қамтылатын болады. 48 млн доллардың импортты алмастыратын және 42 млн доллардың экспортқа бағытталған өнімдері өндіріледі.