Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Наманган облысына сапармен барды
14:41 / 2021-02-18

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 18 ақпан күні Наманганға сапар жасап онда, облыстың Жаңақорған ауданына барды.

Мемлекет басшысы аудандағы «Sura General Investments» ЖШС жұмысымен танысты. 103 гектарлы суғарылмайтын жерге Біріккен Араб Әмірліктерінің 3 млн доллар тікелей шетелдік инвестициясы есебінен интенсивті бау салынды.

Ең алдымен 250 метр тереңдіктер су шығарылып, бақты тамшылатып суару жүйесі орнатылды. Мұнда Италиядан әкелінген көшеттер егілген (48 гектарға шие, 26 гектарға өрік, 22 гектарға шабдалы, 7 гектарға қара өрік).

Келесі жылы жеміс беретін бау-бақшаның жылдық қуаты 5 мың тоннаны құрайды. 4 млн долларлық өнімді экспорттау жоспарланған болып, кәсіпорын тағы мың гектарға бақша салуды мақсат еткен. Қазір мұнда 40-қа жуық кісі жұмыс істеййді.

Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысымен танысу барысында осындағы жұмыс істейтін жастармен кездесіп сұхбаттасты.