Мемлекет басшысы Мұса Ерниязов кесенесін зиярат етті
Президент Шавкат Мирзияев 21 қыркүйекте Қарақалпақстан Республикасына сапармен барды.
Мемлекет басшысы алдымен Нөкіс қаласындағы «Шорша баба» мазарына барып, онда Мұса Ерниязов кесенесін зиярат етті. Марқұмның рұхына Құран оқылды.

Мұса Ерниязов ұзақ жылдар бойы Қарақалпақстан Жоғарғы Кенесінің төрағасы қызметін атқарды. Ол Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенаты Төрағасының орынбасары, Өзбекстан Қаһарманы атанған.


Президенттің тапсырмасына сәйкес, марқұмның атына кесене салынды. Бүгінде бұл жер зиярат ететін гүлденген жерлердің біріне айналды.


Осыдан кейін Мемлекет басшысы Қарақалпақстанның Бозатов ауданына жол алды.

