French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру бойынша таныстырылымға қатысты
21:27 / 2023-05-16

Президент Шавкат Мирзиёев мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстардың таныстырылымына қатысты.

Бүгінде Өзбекстанда 30 мыңға жуық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2 миллионнан астам ұл-қыз тәрбиеленуде. Кейінгі бес жылда 422 мемлекеттік балабақшаның құрылысы мен 21 мыңнан астам мемлекеттік емес мекеменің ашылуы есебінен 1 миллион 200 мың орын ашылды. Жүйеде балаларды қамту көрсеткіші 72 пайызға жетті.

Сонымен бірге, жер-жерлерде өткен ашық диалогтарда тұрғындар балабақшалар санын көбейтуге ниетті екендіктерін жеткізген. Соның негізінде Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі мектепке дейінгі тәрбие процесін жаңа тәртіппен ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірледі.

Презентацияда мектепке дейінгі білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, балабақшалардың сапасы мен қамтуын арттыру, бұл бағыттағы озық шетелдік тәжірибелерді енгізу шаралары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, халық тығыз орналасқан немесе қамту деңгейі төмен аудандарда жаңа мемлекеттік балабақшалар салынып, жеке сектор кеңейтілмек. Қуаттылығы төмен мектептерде дайындық топтары ұйымдастырылған.

Мемлекет басшысы бұл саланың әйелдерге жеңілдік жасау мен бала тәрбиесіндегі маңыздылығына ерекше назар аударды.

Шенеуніктерге білім сапасын арттыру, бағдарламаларды жетілдіру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру тапсырылды. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды кеңейтудің бес жылдық бағдарламасын әзірлеу міндеті қойылды.