Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады
Атаулы күн Өзбекстанда 2006 жылдан бастап мереке ретінде өтіп келеді
Бүгін Ташкенттегі «Түркістан» сарайында Медицина саласы мамандарының күніне орай салтанатты мерекелік шара өтті.
Әу баста 2006 жыл 12 қыркүйекте «Өзбекстан Республикасының медицина қызметкерлері күнін белгілеу туралы» Заңыға сәйкес, жыл сайын қарашаның екінші жексенбісі Өзбекстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтеді.
Атаулы күнге орай ұйымдастырылған салтанатты шарада Сенат төрайымы Танзила Нарбоева қатысып, Өзбекстан Президентінің құттықтауын оқып есіттірген соң, ақ халатты абзал жандарды мереке қарсаңында мемлекеттік наградалармен табыстады.




