Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы махалламен жұмыс істеудің басым бағыттарына арналған жиын өткізді
17:45 / 2022-01-15

15 қаңтарда Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен махалламен жұмыс істеудің жаңа жүйесін құру бойынша 2022 жылға арналған басым бағыттарға арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

Мықты реформа, кәсіпкерлікті дамыту және махалламен жұмыс істеу нәтижесінде өткен жылы Өзбекстанның жалпы ішкі өнімі 7,4 пайызға өсті. Өңірлерде 100 мың жаңа кәсіпкер жұмыс істей бастады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 700 мыңға артып, 1,2 миллионға жетті.

Жыл басынан бері республикада 9309 «әкім көмекшісі» жұмысқа кірісті. Бұл жүйеге жауапты «Махаллабай» жұмыс істеу және кәсіпкерлікті дамыту агенттігінің қызметі жолға қойылып, барлық жағдай жасалды.

Атап айтқанда, аудандағы шенеуніктер әкім көмекшілерінің қызметін ұйымдастырып, кедейшілікті азайту және кәсіпкерлікті дамытуға жауапты екені айтылды.

Әкім көмекшілері «Темір», «әйелдер», «жастар» дәптері тізіміне енген өз аймағындағы махалланы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік тізілімді жаңартып отыруы керек.

Бұл ретте, ең алдымен, жұмыс істеуге мүмкіндігі пен ниеті бар, бірақ қиын отбасыларды оқыту және жеке кәсіп ашу үшін жеңілдетілген несие, субсидия немесе шаруа қожалығы үшін жер телімдерін бөлу жолға қойылады.

-Тұрғындарды оқыту мен кәсіпкерлікке тартуға үлкен көлемде несие мен субсидия бөлінуде. Бірақ мекен-жайларда көпшілік олардан бейхабар екені де рас. Сондықтан әкім көмекшілері тұрғындармен күн сайын жұмыс істеп, оларға бар жағдайды жасап, оларды кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына оқытып, кедейліктен шығару керек, деді Мемлекет басшысы.

Осы мақсаттарға биыл 10 триллион сум жеңілдетілген несие және 2,5 триллион сум субсидия (әр кварталға орта есеппен 1,3 миллиард сум) бөлінеді.

– Барлығына бір нәрсе түсінікті болуы керек. Әкім көмекшілері — Президенттің махалладағы өкілдері саналады. Олардың басты міндеті – өз маңайында кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашу, кедейлікті азайту және отбасының кірісін арттырудан тұрады. Ол үшін әкім көмекшілері кез келген бюрократиядан ада болуы керек, оларды ешбір әкім немесе басшы жиналысқа шақырып, түрлі қорытынды сұрап «кедергі жасамауы» керек. Тек оларға жағдай жасау керек, – деді Шавкат Мирзияев.

Бұл жұмыс, ең алдымен, экономикалық және әлеуметтік жағдайы салыстырмалы түрде қиын аудандардан басталады.

Осы орайда, аталған елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға, ауыз су желілерін, балабақшаларды, мектептерді, медициналық мекемелерді, мәдениет ошақтарын жөндеу, салу, бір сөзбен айтқанда, халықтың көңілінен шығуға басымдық берілуі керектігі сөз болды.