Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті
21:56 / 2020-06-23

Президенттер екіжақты қатынастардың соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуге жасаған жұмыс сапары аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, келіссөз өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар стратегиялық серіктестік пен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады және Ресей Президенті Шавкат Мирзияевке Ұлы Жеңіске арналған салтанатты шараларға қатысуға келгені үшін алғыс айтты.

Ресей Президенті сондай-ақ Өзбекстан халқы Жеңіске үлкен үлес қосқанын, отандастарымыз майданда тылда аянбай еңбек еткенін және Өзбекстан эвакуация жасалғандарды құшақ жая қарсы алғандарын зор ықыласпен атап өтті. Ташкентте Жеңіс саябағы құрылғандығы да сөз болды.

Мемлекет басшысы өз кезегінде Владимир Путинді және Ресей халқын ұлы мерекемен құттықтап, «Бұл біздің ортақ тарихымыз, ортақ жеңісіміз», - деді Шавкат Мирзияев. Ресейлік тарапқа Ташкенттегі Жеңіс саябағының мемориалдық кешенінің қорын байытуға, сондай-ақ Өзбекстан халқының Жеңіске қосқан үлестері туралы нақты статистикалық мәліметтер алу үшін мұрағаттық материалдарды беруге дайын екендігі үшін алғыс білдірілді.

Президенттер екіжақты қатынастардың соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті.


Әлемдік дағдарыстың жағымсыз әсеріне қарамастан, екі ел арасындағы сауда көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Атап айтқанда, өткен жылғы бұл көрсеткіш 6,6 миллиард долларға жеткен. Осы жылдың алғашқы айларында екіжақты сауда көлемі шамамен 2 миллиард долларды құрады.

Бұдан бөлек екі елдің жетекші компаниялары арасындағы ынтымақтастық кеңеюде: бүгінде 2000-ға жуық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді және қазірде экономиканың барлық негізгі салаларын қамтитын, құны 12 миллиард доллардан асатын жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Жалпы, Ресейдің Өзбекстан экономикасына салған инвестициялар көлемі 10 миллиард доллардан асты.

Президенттер сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты, алдағы кездесулердің жоспарын, оның ішінде ТМД және ШЫҰ-ның келесі саммиттерін дайындау мен өткізу туралы келісілді.

Ертең Мемлекет басшысы фашизм үстінен қол жеткізген жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысуы жоспарланған.