Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ұлыбритания патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
15:54 / 2022-09-09

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі Карл III-ке анасы патшайым Елизавета II-нің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.

«Ол 70 жылдан астам ел тұтастығы мен қарқынды дамуының символына айналған, Корольдіктің жаһандық экономика мен саясатында алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналуына, халықаралық аренада беделін жан-жақтама артуына теңдессіз үлес қосқан ұлы мемлекет қайраткері болды», - делінген мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

Мемлекет басшысы Корольге, оның барлық отбасы мүшелеріне және бүкіл Ұлыбритания халқына осынау қиын-қыстау кезеңде жұбату сөздерін айтып, шыдамдылық пен төзімділік тіледі, делінген хабарламада.