Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» компаниясы басшысын қабылдады
Қазірде «ЛУКОЙЛ» Өзбекстандағы жобаларға 10 млрд доллар инвестиция салған
5 наурызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресейдің «ЛУКОЙЛ» компаниясы президенті Вагит Алекперовты қабылдады.
Мемлекет басшысы қонақты құттықтай отырып, әлемдегі жетекші энергетикалық корпорациялардың бірі және Өзбекстанның мұнай-газ кешенінің ірі инвесторы «ЛУКОЙЛ» компаниясымен стратегиялық серіктестік айтарлықтай жетістіктерге жеткенін айтты.
Бүгінгі таңда компания Өзбекстандағы бірлескен жобаларға шамамен 10 миллиард доллар инвестиция салған болып, жылына 8 миллиард текше метрден астам табиғи газды қайта өңдеу қуатына ие «Қандим» кешенінде жұмыс атқаруда.
Кездесуде компанияның корпоративтік басқарудағы тәжірибесі мен мұнай-газ саласындағы цифрлық технологияларға көшу және озық шешімдерді қолдану тәжірибелеріне ерекше назар аударылды және Өзбекстандағы геологиялық барлау және көмірсутек шикізатын, соның ішінде өндірісі қиын кен орындарын игеру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.