Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы «Lasselsberger Group» компаниясының бас директорын қабылдады
23:12 / 2024-09-25

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Басқарушылар кеңесінің жылдық жиыны аясында «Lasselsberger Group» компаниясының негізін қалаушысы әрі бас директоры Йозеф Ласселсбергерді қабылдады.

1957 жылы құрылған «Lasselsberger Group» Еуропадағы құрылыс материалдары, керамика және минерал өнімдерінің жетекші өндірушісі болып табылады, жылдық айналымы 20 миллиард долларды құрайды.

Кездесу барысында құрылыс материалдары өнеркәсібінде жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта Самарқанд облысында құрғақ қоспалар мен микрокальцит өндіру, Қашқадария облысында мәрмәрді қайта өңдеу жобалары жүзеге асырылуда.

Жоғары тазартылған алюминий мен мета-каолин, керамогранит, лак-бояу өнімдері және фиброцемент өндіру бойынша жаңа жобаларды жеделдету жөнінде келісімге қол жеткізілді.