Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы кәсіпорындарды трансформациялау жөнінде жиын өткізді
22:43 / 2022-03-14

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 14 наурызда экономиканың тұрақты дамуы және мемлекеттік кәсіпорындарды трансформациялау мәселелеріне арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

Қазіргі таңда Өзбекстанда нарықтық экономиканы дамыту және бәсекелестік ортаны жақсарту мақсатында мемлекеттік кәсіпорындар түрленіп жатқаны белгілі. Жиында осы саладағы жұмысты жеделдету және мемлекет активтерін жекешелендіру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, 25 мемлекеттік кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыруда кешігулер бар екені айтылып, заман талабына сай келмейтін рентабельді кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау тәжірибесінен мүлдем бас тарту керектігі сөз болды.

Көлік саласындағы істердің жай-күйі де қаралды. Транзиттік жолаушылар ағынын арттыру, чартерлік рейстер жүйесін жеңілдету, жергілікті әуежайларды өңірлік транзиттік тораптарға айналдыру шаралары белгіленді.

«Өзбекстан әуе жолдары» ұлттық авиакомпаниясы бәсекелестік ортада жұмыс істеуге заманауи тәсілдерді енгізуі, әуе билеттерінің құнын көтермеуі керектігі айтылды.

Жиында осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша экономикада күтілетін нәтижелер де сараланды. Жаңа кәсіпорындардың іске қосылуымен жұмыс орындарын ашуға, халықтың табысын арттыруға, әлеуметтік қолдауға баса назар аударылды.

Әкімдер мен сала басшыларына негізсіз жобалардың алға басуына жол бермеу тапсырылды. Құзырлы органдарға әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейту, инвестициялық жобалардың нарықтық экономика талаптарына сәйкестігін зерделеу тапсырылды.

Экспорт мәселелерін талқылау барысында сыртқы нарықтардағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, көлік-логистика мәселелерін шешу, экспорт географиясын кеңейту, өнімді жаңа нарықтарға шығару бойынша тапсырмалар берілді.

Жиын барысында облыс әкімдері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және базарлардағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Атап айтқанда, Ферғана және Сұрхандария облыстарының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланып, атаулы аймақтарды өнеркәсіп өндірісін кеңейту, жаңа экспорт бағыттарын ашу және халықты жұмыспен қамту шаралары туралы облыс әкімдерінің есебі тыңдалды.