Мемлекет басшысы коронавирусқа байланысты халыққа үндеу жолдады
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары
3 сәуірде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен коронавирустық пандемиядан туындаған дағдарыспен күресте кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бейнеконференция өтіп, онда Мемлекет басшысы тағыда халыққа үндеу жолдады.
Құрметті отандастар!
Бүгінгі күнде адамзат өте күрделі кезеңді бастан өткеруде. Эпидемиялық жағдайдың алдын алу бойынша елімізде тиісті шаралар қолға алынған. Қазіргі уақытта аурулар саны 221-ге жетті. Медициналық көмек көрсетілуіне қарамай екі азаматымыздың қаза болғаны аянышты. Олардың отбасына көңіл айтамын. Осы қолға алған шаралардың арқасында 25 азамат емделіп оқшаулау орталығына алынғаны қуанышты жағдай. Орайлы сәтті пайдаланып дәрігерлерімізге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жағдайды түсініп, бізді белсенді қолдап тұрған халқымызға, құрметті отандастарыма алғысымды айтамын.
Қазіргі уақытта елімізде 100 мың азамат карантинге алынған. Шетелден 13 мыңдай азаматтарымыз әкелініп, оларда карантинге жатқызылды. Сонымен бірге қаншама айып жатсақта осындай тәртіпті бұзып тұрғандар саны 22 мыңнан асты. 330 кісі карантиндік аймақтан қашып кеткені өкінішті жағдай. Халықтың өмірін қауіпке қойған мұндай азаматтарға қатаң жаза қолданылатын болады.
Құрметті отандастар!
Сіздерді мына нәрсеге сендіргім келеді, мемлекет коронавирустың таралуын болдырмау үшін барлық шараларды қабылдайды. Бірақ осы сынақ сәттерінде біз әр өзбекстандық, әрбір агенттік, қоғам мүшелерінінің баршасы бір болып әрекет етуі керек. Сондай-ақ, қоғамдық орындар, көршілер мен үйлерді үнемі дезинфекциялауды жалғастыру қажет. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдар апта сайын өз қызметкерлерін медициналық тексеруден өткізуі қажет.
Қадірлі достар!
Біз кез-келген қиындыққа қарамай, өз міндеттерін адал атқаратын бауырларымыздың, әпкелеріміздің, ұл-қыздарымыздың адалдығын жоғары бағалаймыз. Осы сәтті пайдаланып қазіргі уақытта үй жағдайында білім алып жатқан студенттер мен оқушыларға мынаны айтсам деймін:
Құрметті жастар, үйде уақытыңызды босқа өткізбеңіз! Желідегі онлайнды сабақтарды құнтпен тыңдап үйреніңіз. Кітап оқып біліміңізді асыру мен дене шынықтыру жаттығуларында қапыда қалдырмаңыз.
19 наурызда пандемияның экономикамызға теріс әсерін азайту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы жарлығыма байланысты Үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары осы шаралардың жергілікті жерде орындалуын қамтамасыз етуде. Бүгін мен осындай қиын жағдайда экономикаға, кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсету туралы тағы бір маңызды жарлыққа қол қойдым. Қанша қиын болса да, бюджеттен қанша қажет болса да, мен қосымша сақтық шараларын қабылдадым.
Осы жарлыққа байланысты: Туризм және қонақүй қызметімен айналысатын кәсіпкерлер осы жылдың соңына дейін жер және мүлік салығын төлеуден босатылады, карантин кезеңінде қызметін тоқтатуға мәжбүр болған жеке кәсіпкерлер үшін табыс салығы мен әлеуметтік салықты есептелмейді. Өткен аймен салыстырғанда кірісі 50 пайызға төмендеген шағын кәсіпкерлік субъектілеріне айналым салығы, жер салығы, мүлік салығы, әлеуметтік салық және су салығын төлеу мерзімі осы жылдың 1 қазанына дейін шегеріледі. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап заңды тұлғалардың табиғи газ бен электр энергиясы үшін алдын ала төлем жасау міндеттемесі қазіргі 100 пайыздан 30 пайызға дейін төмендетілмек және кәсіпкерлікті қолдау қоры беретін көмек көлемі одан әрі кеңейеді. Атап айтқанда, осы жылдың соңына дейін ұн, өсімдік майы, ет және сүт өнімдері, қант өнімдері сияқты негізгі тұтынушылық тауарлардың импорты үшін кедендік баждар мен акциздер салынбайтын болады.
Құрметті отандастар!
Әлем елдеріне келген бұл қиын күндерде артта қалмақ. Біздің ұлы да даңқты-дана халқымыз өзінің сан ғасырлық тарихында көптеген апаттар, соғыстар мен ашаршылықты батыл жеңе білді. Бұл сынақтыда абыроймен өткереміз деп сенемін.
Жаратушының өзі біздің хақымызды және бүкіл адамзатты осы қатерден мүмкіндігінше тезірек құтқарсын!
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.