Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы әкімдер мен басшы қызметкерлерге қатаң сөгіс жариялады
17:46 / 2021-04-08

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 8 сәуірде кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру барысы туралы видеоселекторда кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлмеген бірқатар аудан әкімдері мен банк басшылары қызметінен босатылатынын айтты.

Сыни көзқараста басталған кездесудің басында Мемлекет басшысы енді кәсіпкерлікті дамытуға өте қатаң бақылау орнатылатындығын, өйткені өткен жылы бұл сала Президенттің жеке бақылауында болатындығын мәлімдеп, - Барлық аймақтық және сала басшылары бір нәрсені түсінуі керек: егер біз кәсіпкерді қолдамасақ, жұмыс орындарын ашпасақ, нәтиже жақсы болмайды. Егер мен өткен жылы кәсіпкерлікті қолдауды жеке бақылауға алмағанымда, біз осындай көрсеткішпен шығар ма едік?! Халықтың табысы мен сатып алу қабілетін арттыру үшін аймақтық және жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуін қамтамасыз ету қажет. Бұл жұмысты кәсіпкерлер жасайды. Егер біз кәсіпкермен дос болып, жаңа кәсіп бастамасақ, ешқандай нәтиже болмайды, - деді Шавкат Мирзияев.

Президент қаншама көп мөлшерде қаржы алғанына қарамастан, облыс, аудан және қала әкімдерінің, сектор басшыларының дүниетанымы өзгермегенін, жасалған мүмкіндіктер әлі толықтай игерілмегенін қатты сынға алып, қатаң түрде ескерту жариялады. 

Қатаң түрде ескерту алғандар қатарында Қашқадария облысының әкімі З.Мирзаев, облыс прокуроры, ішкі істер департаментінің бастығы, сондай-ақ Науаи облысының әкімі Қ.Турсунов, облыс прокуроры, Орталық банк төрағасының бірінші орынбасары Б.Зохидов бар.

Мемлекет басшысы қатаң ескерту алған басшылар ширек соңына дейін ықпалды өзгеріс байқата алмаған жағдайда, барлығы отставкаға кететінін айтты.