Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы кілем тоқу жобасын мақұлдады
00:56 / 2021-06-02

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Сұрхандария облысына жасаған сапары аясында, Терміздегі «Аfghan bazar carpets» кәсіпорнының қызметімен танысты.

Сұрхандарияда негізінен қой шаруашылығымен айналысатын болып, бірақ қой жүні дерлік қайта өңделмейтін еді. Сондықтан, жібек құртын және қаракөлшілікті дамыту комитеті Ауғанстан тәжірибесіне сүйене отырып, жүннен кілемдер тоқуды жолға қоюда.

Мемлекет басшысы бұл жобаны мақұлдап, ауған кәсіпкерлерімен ынтымақтастықты кеңейтуді және жүнді қойлардың санын көбейтуді тапсырды.

Кәсіпорнының қызметімен танысу барысында Шавкат Мирзиыев осында жұмыс істейтін әйелдермен сұхбат құрды.

Алдағы уақытта бұл кешенде «Silk Road Tex» компаниясы да құрылады. Онда, жібек мата, жібектен дайын бұйымдар, спорттық және саяхат сөмкелері мен жібек кілемдерін шығару жоспарланған және жылына 2 миллион доллардан астам өнім экспорттауға бағыттау көзделген.