French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылауға арналған жиын өткізді
23:02 / 2020-04-22

Президент жиында Өзбекстан халқын қасиетті Рамазан айымен құттықтады


22 сәуірде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев глобалды дағдарыс пен пандемия жағдайында халықты жұмыспен қамту мәселелеріне арналған бейнеконференцияның басында коронавирустық індетпен күресте елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тағы бір тоқталып өтті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

-Бүгінге дейін 424 отандасымыз вирустан сауығып оңалту орталығына ауыстырылғаны бүкіл елге үлкен күш-қуат береді. Орын алған жағдайды дұрыс түсініп, карантин ережелеріне қайшы әрекет жасамай, қабылданған шараларға қолдау білдірген барлық отандастарымызға тағы да алғыс айтамын. 


Осы мүмкіндікті пайдаланып, күндіз-түні тыным білмей, нағыз ерлік жасап жүрген жанкүйер дәрігерлерімізге, олармен бірдей аурумен күресуге атсалысып жүрген шетелдік дәрігерлерге, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар және қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия қызметкерлеріне өз атымнан, халық атынан тағыда алғыс айтқым келеді.

Құрметті достар!

20 сәуірдегі бейнеконференцияда біз халықаралық және ұлттық талаптарға сай келетін, еліміздегі карантиндік режимді біртіндеп жеңілдетудің және осы негізде мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралудың алғашқы қадамын шараларын белгілеген болатынбыз

Бүгінгі күнде вируссыз аймақтардағы өнеркәсіптік кәсіпорындарда, құрылыс алаңдарында, фермалар мен кешендік қожалықтарда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып жұмыстар біртіндеп басталды.

Осы қиын-қыстау кезеңде мұқтаждарға нақты және мақсатты түрде қолдау көрсету мақсатында «САХОВАТ ВА КЎМАК» жалпыұлттық қозғалысын құру туралы бастаманы халқымыз бен қоғамымыз жылы қабылдағаны, барлығымызды қуантады. Осы орайда мен бұл бастамаға қолдау көрестіп қолдап жатқан отандастарымызға қасиетті кітаптарда айтылғандай «Жақсылықтың марапаты – тек жақсылық» дегенді айтқым келеді. Өз кезегінде мемлекетіміз бен қоғамымыз жомарт кәсіпкерлерді жан-жақтама қолдайды.

Міне ғазиз Отанымызға қасиетті Рамазан айы кіріп келуде.

Осы ұлы мерекеге орай мен қадірлі қарттарымыз бен аналарымызды, бауырларымыз бен апа-сіңілдерімізді, имандыхалқымызды шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға бейбітшілік, отбасылық татулық пен бақыт тілеймін. Алланың рақымымен Рамазан айында ізгі ниеттер жүзеге асары хақ.

Осы мубәрак айда Жаратушыдан барлық оразаларымыз, жасаған дұға тілегіміз бен игі істеріміз арқылы елімізді және халқымызды осы апаттан тезірек құтқаруын сұраймыз, деді Шавкат Мирзияев.