Мемлекет басшысы Карим Камоловтың үйінде болып, марқұмның отбасына көңіл айтты
Бухараға арнайы сапармен барған Президент Шавкат Мирзияев марқұм Карим Камоловтың шаңырағында болып, оның жұбайы мен балаларына көңіл айтты
Бухараға арнайы сапармен барған Президент Шавкат Мирзияев марқұм Карим Камоловтың шаңырағында болып, оның жұбайы мен балаларына көңіл айтып, қазаға байланысты оларға шыдамдылық тіледі.
Мемлекет басшысы марқұмның ел-жұрт өркендеуі жолында аянбай еткен қызметін жоғары бағалап, «арамыздан алыстаған Карим аға жүрегі таза, ерекше еңбекқор өте жақсы адам еді. Ол Бұхарадағы өзгерістерге көп үлес қосты. Оның жоспарлары да үлкен еді. Өзінің теңдесі жоқ адалдығы мен ол өзін ойламай халықтың мүддесі үшін жұмыс істеді. Бір кездері әділетсіздікке душар болған күнгі оқиғалар оның денсаулығына әсер етпей қалған жоқ. Оның осыншама жанқиярлық қызметтерін еліміз бен халқымыз ешқашан ұмытпайды, - деді.
Президент осы сапары аясында Бахауддин Накшбанд кесенесіне де барып зиярат етті. Құран оқылды.









