Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы кадастр саласына цифрлық технологияны енгізу керектігін айтты
20:05 / 2020-07-21

Бұл салада нақты есепке алу және жерді тиімді пайдалану ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өндіріс, құрылыс, геология сияқты көптеген салалар үшін өте маңызды


Президент Шавкат Мирзияев 21 шілдеде жерді есепке алуды және мемлекеттік кадастрды толық қалыптастыру, салаға цифрлық технологияларды енгізу бойынша кеңес өткізді.

Бұл салада нақты есепке алу және жерді тиімді пайдалану ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өндіріс, құрылыс, геология сияқты көптеген салалар үшін өте маңызды. Мемлекет басшысы өңірлерге жасаған сапарында әрқашан бұл мәселеге ерекше назар аударып, әрдайым жер халыққа пайда беру керек екенін айтып келеді.

Өкінішке орай елдегі геодезия, картография және кадастр саласында бірқатар проблемалар бар екені және мемлекеттегі соңғы жерді зерттеу 40 жыл бұрын жүргізілгені аянышты әрине. Мысалы 140 ауданның әкімшілік шекаралары әлі күнге анық емес. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу тәртібі 20 жыл бұрын қабылданған шешіммен қазіргі реформалардың талаптарына сәйкес келмейді. Соның нәтижесінде, салада тонау мен жемқорлық асқынып барады. Мұның дәлелі 66 ауданда 150 мың гектер егістік алқап өз бетімен алынып, мұндай қылмыстық істердің соңғы екі жылда 122 кадастрлық қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сондықтанда салаға реформа қажет. Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев кадастрлық кеңселердің басты міндеті есепке алу мен жер теңгерімін сақтау керектігін баса айтып, жыл аяғында жердің түрі, контуры, шекарасы және пайдаланушысы туралы мәлімет жинайтын ақпараттық жүйені іске қосу міндетін қойды. Енді жер телімін бөлу туралы шешім егер ол осы жүйеге енгізілген болса ғана заңды болады.

Бұдан бөлек ауылшаруашылық басқаруды цифрландыру, жер балансы мен оның есебін Ұлттық геоақпараттық жүйеде жүргізу қажеттігі келесі жылдан бастап жолға қойылады. Жыл соңғында халықаралық сарапшыларды тарта отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді электрондық іріктеу және аукцион негізінде бөлу, жер санаттарын оңтайландыру процедурасын енгізу міндеті қойылды.

Саланың заманмен ілесе алмауы мамандардың өз кәсіби біліктілігін арттыра алмауымен бағаланып, жүйедегі 27 пайыз маман өз кәсібінің шебер емес екені айтылған бүгінгі жиында осы бағыттағы үздік кадрларды дайындау мақсатында Италияның Пиза және Мәскеудің геодезия және картография университеті мен ынтымақтастық орнату керек екендігі айтылды.