Мемлекет басшысы кәсіпорындарды реформалау мен жекешелендіру мәселелері бойынша кеңес өткізді
Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау және мемлекеттік активтерді жекешелендіру мәселелері бойынша бейнеконференциялы жиын өтті
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау және мемлекеттік активтерді жекешелендіру мәселелері бойынша бейнеконференциялы жиын өтті.
Бір күн бұрын Мемлекет басшысының осы жағдайға байланысты жарлығы қабылданған болып, бүгінгі кездесуде осы құжатта көрсетілген міндеттердің практикалық аспектілері талқыланды.
Қаулыда көрсетілген қосымшаларға сәйкес 2 мыңнан астам мемлекеттік активтерге қатысты мәселелер мақұлданған. Оның ішінде 479 кәсіпорын мен 15 жылжымайтын мүлік аукционда сатылады, 62 кәсіпорын жекешелендіруге дайындалып, 32 кәсіпорын мен өндіріс қайта құрылады, 507 базар қызметі жетілдіріледі. Сонымен қатар, бұрынғы шешімде көрсетілген 386 объект және сату құқығы әкімдерге берілген 559 объект аукционға қойылатын болды.
- Нақты айтқанда: жекешелендіру жайлы көптеген шешім бұған дейін де қабылданған. Алайда бірде-бір басшы төменге түсіп, осы саладағы методиканы көп ортада жеткізбегені себепті көптеген кәсіпорындар мен нысандар сатылмай қалады. Оның мемлекетке де, кәсіпкерге де пайда әкелмей тұр, - деді Шавкат Мирзияев.
Бүгінгі жиында осыған байланысты маңызды бағыттар айтылып, ең алдымен кәсіпкерлерге ұсынылатын 479 кәсіпорынның әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, оларды сатылымға оңайлатылған тәртіпте шығару керек екендігі айтылды.
Президенттің жарлығына сай 32 ірі мемлекеттік кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қауымдастықтарды трансформациялау туралы айтылған болып, онда «Узкимиосаноат», «Узавтосаноат», «Уздонмахсулот», «Узсувтаминот» ұйымдарының бүкіл жүйесі өзгертіледі. Соның негізінде Қаржы министрлігінде жеке бөлім құрылды.
Бұдан бөлек, халыққа және кәсіпкерлерге толық ақпарат беретін, жекешелендіру бойынша консультациялық клиникалар мен байланыс орталықтарын құру, метродикалық әдістеме дайындап оны белгілі орталарға жеткізу маңызды екендігі айтылды.



