Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Жыззақ облысының инвестициялық жобалар таныстырылымына қатысты
21:20 / 2021-02-15

15 ақпанда Президент Шавкат Мирзияев Жыззақ облысының инвестициялық жобаларының таныстырылымына қатысты.

Презентацияда Мемлекет басшысына биыл облыста жүзеге асырылатын жалпы құны 35,5 трлн сумды құрайтын 515 жоба туралы ақпарат берілді. Осы бастамалар нәтижесінде, өндірістік қуаты жылына 25 трлн сум болатын жаңа кәсіпорындар ашылса, соның негізінде жаңа 23 жұмыс орны пайда болады. Бұл импорттық 264 млн доллар тауар орнын алмастыру мен экспортқа 311 млн доллар өнім шығаруға мүмкіндіктерде жасайды.

Облыста негізінен құрылыс материалдары, автокөлік және тоқыма өнеркәсібінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығының болашағы зор болып, есепке алынған жобалар қатарында жоғары сапалы цемент, бетон плиталары, арматура, геосеткалар өндірісінің перспективалары бар.

Автокөлік саласында, шағын автобустар, коммерциялық және жүк көліктері өндірісінің жобасы қарастырылып ішкі нарық үшін өте маңызды таңдау. Зауыт осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріліп, 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Таулы аймақтарда дәрілік өсімдіктерді өсіру және өңдеу арқылы экспорттау - Мемлекет басшысы көрсеткен керемет мүмкіндіктердің бірі. Бүгінгі күні Өзбекстанда осы салаға мамандандырылған 7 кластер бар. Оның бірі «BMB Trade Group» кластері. Осы 30 млн доллардан астам құнды кәсіпорынның іске қосылуымен 200 адамды жұмыспен қамтылмақ.

Жобалармен танысқаннан кейін Президент Шавкат Мирзияев Жыззақ аймағының әлеуеті әлдеқайда зор екенін және көптеген ірі жобаларды жүзеге асыруға болатындығын айтты. Тоқыма өнеркәсібінде жергіліктендіруді тереңдету, дайын өнім өндірісі, жаңадан игеріліп жатқан жерлерде сұранысқа ие жемістер мен көкөністерді өсіру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жерасты кеніштерін игеруге шетелдік инвестицияларды тарту бойынша тапсырмалар берілді.