Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ислам өркениеті орталығының құрылысымен танысты
22:51 / 2021-01-29

Президент Шавкат Мирзияев 29 қаңтар күні Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Бүгінде атаулы ғимараттың қабырғасы толықтай қаланып, оның ортасында үлкен шығыс күмбез бен төрт жағында биіктігі 34 метрлік мұнара бой көтерген.

Мемлекет басшысы Орталықтағы бүгінгі қызу жұмыс барысын және нысандағы әр дәліз бен бөлмелерді аралап, безендіру мен жабдықтауға байланысты жобамен танысты.

Орталықтың ішкі және сыртқы көрінісі, өрнектері бойынша ұсыныстар берілді. Бөлмелер көптеген туристердің, делегациялардың келуін, халықаралық конференциялардың, мұндағы көрмені барлық жастағы адамдарға дайындауды ескере отырып, заманауи жабдықталуы керек екендігі атап өтілді.

Ислам өркениеті орталығында Мемлекет басшысы ғалымдармен, зиялы қауым өкілдерімен, қоғам қайраткерлері және махалла төрағаларымен кездесіп сұхбаттасты.

- Біз ұлттық бірегейлікті түсіну туралы жиі айтамыз. Бірақ соған лайық болып жүрміз бе, деген сезімі мені мазалайды. Біздің ата-бабаларымыз қиын-қыстау жағдайларда, қажырлы еңбекпен қандай ұлы істер жасады. Жәдид бабаларымыз да бекер қудаланған жоқ. Себебі олар білім, мақтаныш, мемлекеттілік біздің қанымызда бар екенін білді. Мұнда біздің барша ұлы ғалымдарымыздың дауысы жаңғырып тұрады,- деді Шавкат Мирзияев.