French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ислам өркениеті орталығына барды
18:05 / 2022-04-08

2018 жылдың 15 маусымында Ораза айт күні Президент Шавкат Мирзияев Ислам өркениеті орталығының ірге тасын қалаған болатын.

Бүгін, Рамазан айының қасиетті күнінде Мемлекет басшысы кешенге тағы да барды.

Бұл орталық – ұлылығымен де, мәні жағынан да үлкен жоба. Оның құрылысы төрт жылға жуық уақыт бойы жүріп жатыр. Кешен үш қабаттан тұрады және ол көне ескерткіштер түрінде салынған. Ғимараттың ортасында үлкен күмбез, орналасқан. Бүгінде мұнда әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Президент Шавкат Мирзияев осы жұмыстардың барысын көрді. Ғимаратты безендіруде ежелгі медреселердегі бар белгілер мен жарқын түстері пайдаланылған.

Мемлекет басшысы кешеннің мазмұнына, сонымен қатар оның әдемі әрі сапалы салынуына баса назар аудару қажеттігін айтты.

– Бүгінгі жұма күні, қасиетті Рамазан айында келуіміз тегін емес. Осындай ұлық күнде жасалған ниеттер орындалады. Соңғы жылдары біз ауыр сынақтардан өттік. Бірақ бұл жерде жұмыс тоқтамады. Біз мұны не үшін салып жатырмыз? Халқымыздың дүниетанымы мен мақтаныш сезімін арттыру, қандай ұлы халық екенімізді дәлелмен көрсету үшін, – деді Шавкат Мирзияев.

Ислам өркениетінің орталығы халқымыздың рухани күш-қуатын паш ететіні айтылды.

-Өткен жылы Қашқадарияда «Uzbekistan GTL» зауытын ашып, еліміздің экономикалық қуатын әлемге паш еттік. Бұл орталық халқымыздың рухани-ағартушылық күшінің символына айналады, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы қабырғалардағы әшекейлердің үлгілері және жазулармен танысты. Қақпаның төбе жағында татулыққа, білімге, әдептілікке үндейтін өлең жолдары жазылса, орынды болатындығын айтты.

Ислам өркениеті орталығының құрамдас бөліктері туралы ақпарат берілді. Бірінші қабатта мұражай қоймасы, көне қолжазбалар мен жәдігерлерді сақтауға және қалпына келтіруге арналған бөлмелер, баспалар мен кітап дүкендері орналасқан.

Екінші қабат кешеннің негізгі көрме алаңы болады. Мұндағы Ислам тарихы мұражайы 9 бөлімнен тұрады. Ғимараттың қақ ортасында биіктігі 65 метрлік күмбездің астында Ислам әлемінің інжу-маржаны «Усман мухсафи» қойылады. Бұл залдың айналасында тағы 8 – «Исламға дейінгі кезеңдегі Орталық Азия», «Орталық Азиядағы исламның таралуы», «Білім», «Ғылым», «Сәулет және қала құрылысы», «Өнер және қолөнер», «Дәстүрлер» және «Үшінші Ренессанс – Жаңа Өзбекстан» бөлімдері орын алмақ.

Сонымен қатар осы қабатта 550 орынға арналған конференция зал болады.

Президент «Ғылым» басқармасын аралап, Ұлы ғұламаларымыз мұрасын кеңінен әрі тиімді насихаттау жөнінде ұсыныстар берді.

Мемлекет басшысы нысанның үшінші қабатын аралап, кітапхана, Ислам академиясының ғылыми бөлімдері мен әкімшілік бөлмелерінің үлгілерін көрді.