Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуға арналған жиын өткізді
21:47 / 2020-09-24

Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 24 қыркүйекте өңірлерде кәсіпкерлікті дамытудың қосымша шараларын талқылауға арналған бейнеконференциялы жиын өтті


Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 24 қыркүйекте өңірлерде кәсіпкерлікті дамытудың қосымша шараларын талқылауға арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2020 жыл 1 мамырдағы жарлығына сәйкес аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік жүйесі енгізілген болып, осыған орай алғаш рет экономикалық көрсеткіштер, кәсіпкерлікті қолдау ортасы, инфрақұрылым және аудандар мен қалалардағы қолда бар ресурстарды пайдалану зерттелді. Талдау негізінде бизнестің даму жағдайы «жақсы», «орташа» және «қанағаттанарлықсыз» болып бөлінді. Атап айтқанда, 48 аудан мен қаладағы жағдай «жақсы», 119-ы «орташа», 33-і «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланды.

Бүгінгі өткен жиында дәл осы мәселе жөнінде жергілікті проблемаларды шешу және салыстырмалы түрде төмен тарифтерге ие аудандарға көмек көрсету шаралары талқыланды.

Жауапты азаматтарға «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған аудандарда инженерлік коммуникацияларды жақсарту, шағын өндірістік аймақ құру, жайылымдарда мал шаруашылығы, қаракөл, жылқы шаруашылығын дамыту, трансшекаралық сауда мен қызмет түрлерін кеңейту міндеті қойылды.

Осы бастамаларда жақсы нәтижеге қол жеткізген аудан, қала әкімдері мен олардың орынбасарларына жалақыға 30 пайыздық ынталандыру беріліп, жағдай қанағаттанарлықсыз аймақ басшыларына айыппұлдар салынатын болды.

Жиын барысында Мемлекет басшысы «Халықтың өмірін жақсартуға талпынбайтын басшы бір күнде өз орнында қалмайтын болады», - деп, «Әкімдерді халық сайлауы керек. Түбінде біз күндерге бәрібірде келеміз, деді.

Биылғы жылдың 8 айында 60 мыңнан астам жаңа шағын кәсіпкерлік орындары іске қосылды. Олардың әрқайсысы орта есеппен 38 миллион сум салық түсімін қамтамасыз етіп, кем дегенде 2 жұмыс орнын ашқан. Дегенмен 31 мыңнан астам өнеркәсіп жұмысы әлі қалпына келе қойған жоқ. Сондай-ақ, өз кәсібін ашуға әрекет жасап жүргендер саны да өте көп.

Жалпы статистикаға сай 4 жылда бизнесті дамытуға жасалған мүмкіндіктердің нәтижесінде көптеген шағын кәсіпкерлікт жұмыстары кеңейді. Мемлекет басшысы осындай ұмтылыстарды ынталандыру және кәсіпорындардың өсуіне қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтты.

Осы мақсатта бизнеске берілетін жеңілдіктерді саралау қажет. Кәсіпкерлікті қолдау қорынан мақсатты қаражат бөлу, өнімді сертификаттау, ғылым мен инновациялық шығындарды ішінара өтеу сияқты шаралар арқылы орта бизнес санатына енетін кәсіпорындарды анықтау және оларды қолдау маңызды екендігі айтылды.