Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барады
11:37 / 2023-06-18

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрагим Раисидің шақыруымен осы елге ресми сапармен барады.

Мемлекет басшысы бүгін Иран астанасында Президент Ибрагим Раисимен және Жоғары діни көшбасшы Аятолла Сайед Әли Хаменеимен кездесулер өткізеді.

Алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздерде елдеріміз арасындағы көп қырлы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың өзекті аспектілері және басым бағыттар бойынша іс жүзіндегі ынтымақтастық қарастырылатын болады. Аймақтық маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасылады.