Президент Шавкат Мирзияев 25 қаңтарда өнеркәсіп пен логистикадағы инвестициялық жобалардың таныстырылымына қатысты.
Таныстырылымда, 280 млн еуроға бағаланған Ташкентте ағартылған түнике шығару жобасы. Оның жылдық қуаты 120 мың тонна болады және 750 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Ал, Жыззақ облысында жоғары сапалы цемент өндіру жобасы да перспективалы болып, оған 2 триллионнан астам сум көлемінде қаржы бөлінген. Жобаның жылына 1,3 млн тонна цемент өндіруге мүмкіндігі бар және оның 200 мың тоннасы экспортқа шығарылады.
Бұдан бөлек, 735 млрд сумдық тағы бір жоба тоңазытқыштарға, мұздатқыштарға және салқындатқыштарға арналған герметикалық компрессор шығаруға бағытталған. Оның жылдық қуаты 3 млн дана өнім шығаруға қауқарлы. Зауыт өнімінің 500 мыңы экспортқа шығарылады және 300 адамды жұмыспен қамтиды.
Жалпы презентация барысында Ташкент қаласы мен облыстарда логистикалық орталықтар құру жобаларына ерекше назар аударылды. Бұл орталықтар азық-түлік және азық-түлік емес қоймаларды қарастыратын болып, жүк, курьерлік және электронды сауда қызметтерін көрсететін болады. Соның арқасында 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Мемлекет басшысы атаулы жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін тексеруді тапсырып, бұл жүйені секторлар мен аймақтарға енгізу, инвестициялық жобалардың дайындығы мен іске асырылуын бағалау, төменгі деңгейлі мамандарға көмек көрсету қажеттігін айтты.