Президент Шавкат Мирзияев электротехника және фармацевтика саласындағы инвестициялық жобаларды жеделдету, бәсекеге қабілетті өнім шығару бойынша кеңес өткізді.
Осы салалардағы жұмыстарды жаңғырту және қосылған құны жоғары өнімдер ассортиментін кеңейту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы үш жылда экспорт көлемі 1,7 есеге өсті. Биыл бұл көрсеткіш 350 миллион долларға жетеді деп күтілуде.
Осы жылы электротехника саласында 55 жоба жоспарланған болатын. Алайда оның 26-сы іске қосылып, 29-ы кешігуде.
Осы жағдай бойынша Мемлекет басшысы мұндай кешігулер себебін сұрап, оларды жуық арада орындалуы жөнінде тапсырмалар берді. - Соңғы 10 айда екі сала бойынша 2 млрд доллардан астам өнім импорт жасалған. Дәл осы сан бізге не істеу керектігімізді көрсетеді, - деген Шавкат Мирзияев.
Жиында сонымен қатар фармацевтика саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы талқыланып, биылға жоспарланған 100 миллион долларлық 37 инвестициялық жобаның тек біреуі ғана пайдалануға берілгені сөз болып және келесі жылға жоспарланған құны 149 миллион долларды құрайтын 37 жоба бойынша практикалық жұмыстарды қазірден бастау керек екендігі айтылды.
Саланың өркендеуіне кедергі болып тұрған тағы бір кемшілігі - соңғы жылдары құрылған 16 ірі кәсіпорынның 8-і толық қуатта жұмыс істемей тұрғаны. Бұл жағдай бойынша жауапты кісілерге оларды біртіндеп, толық қуатты жұмыс істеуіне көмектесу туралы тапсырма берілді.
Сондай-ақ, қант диабеті ауруында қант орнын басатын стевия өсімдігін өсіру, итмұрын, тағы бірнеше осы ауруға ем болатын өсімдіктерді экспортқа шығару бойынша нұсқаулар берілді.




