23 желтоқсанда Президент Шавкат Мирзияев инвестициялар және сыртқы сауда саласындағы жұмыстардың тиімділігін, сондай-ақ 2021 жылға арналған негізгі міндеттерді талқылауға арналған кеңес өткізді.
Өзбекстанда инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша алдын-ала қабылданған шаралар өз нәтижесін берді. Биыл 6,6 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция игеріліп, жыл соңына дейін экспорт көлемі 15 миллиард долларға жетеді деп күтілуде.
Жиында Мемлекет басшысы 2021 жыл экономика үшін оңай болмайтынын, сондықтан инвестицияларды тарту, әзірлеу мен экспорттық болжамдарды қамтамасыз ету, импортты алмастыратын өнім өндірісін ұлғайту бойынша нақты, мақсатты шаралар қабылдау керектігін баса айтты.
Жоспар бойынша 2021 жылда 7,5 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарту көзделген болып, бүгінгі кеңесте осы қаражатты әр жоба бойынша толық және уақытылы пайдалану бойынша шаралар анықталды және осындай инвестициялар есебінен 226 ірі жобаны уақтылы және сапалы жүзеге асыру үшін нақты шаралар қабылдау тапсырылды.
1 қаңтардан бастап халықаралық қаржы институттарының несиелері есебінен қаржыландырылатын жобалардың жаңа жүйесін енгізу, әр жобаға бөлінген қаражаттың қажетті жұмсалуы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Жоба кеңселері» менеджерлері мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен оларды оқыту маңыздылығы айтылды.
Экспорт көлемі келесі жылы шамамен 17 млрд доллар болады деп болжануда. Сондықтан шенеуніктерге экспорттық келісімшарттар жасасу, 1 қаңтардан бастап Экспортты қолдау қоры есебінен экспортқа дейінгі қаржыландыру жүйесін құру міндеті қойылды.




