1 ақпанда Президент Шавкат Мирзияев инвестиция саласындағы міндеттердің орындалуымен және жаңа жобалардың таныстырылымына қатысты.
Осы жылдың 11 қаңтарында коммерциялық банктер құны 1 млрд долларлық инвестициялық жобаларды, ал Ташкент қалалық әкімшілігі құны 8,6 трлн сумды құрайтын 9 ірі индустриялық жобаны ұсынған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес онда аталған жобаларды сапалы жүзеге асырудың шаралары, мерзімі мен міндеттері көрсетілген «жол карталары» әзірленіп бекітілді.
Атап айтқанда, 10 ірі коммерциялық банктермен жалпы құны 1,5 млрд долларды құрайтын 136 жаңа жобалық ұсыныстар әзірленді.
Мұндағылар арасында Агробанк тоқыма кластерлерімен бірге қосымша 43 жоба құрады. Жалпы құны 501 млн долларды құрайтын бұл жобалардың нәтижесінде мақта талшығын өңдеу деңгейі едәуір артып, дайын өнім өндірісі кеңейеді.
Ал, Ұлттық банк тарапынан биыл құны 225 млн долларды құрайтын 6 жаңа жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
«Узсаноатқурилишбанк» болса, 110 млн долларды құрайтын жобаны жоспарлауда.
Мемлекет басшысы осынау жобалар бірінші кезекте жұмыс орындарын құруға және экспортқа бағытталған өнім шығаруға бағытталуы керек екенін баса айтты.
Таныстырылым барысында экономикалық кешен агенттіктері өз жұмысын махаллалар деңгейінде ұйымдастыруы керек екені, ал коммерциялық банктер жергілікті жерлерде өнімді жобаларды жүзеге асыруы, әсіресе жас кәсіпкерлер үшін кең қол жетімділік беруі керек екендігі айтылды.
Сондай-ақ, шара барысында Ташкенттің «Янгихайот» ауданында құрылған индустриалды аймақта перспективалық жобаларды іске асыру жоспары таныстырылып, бұл өндірістік аймақ 200 гектарды құрайды. Мұнда құны 4,6 трлн сумды құрайтын құрылыс материалдары, азық-түлік, тоқыма және басқа да бірқатар маңызды бағыттар бойынша 71 жоба жүзеге асырылуы көзделген.



