Мемлекет басшысы интеллектуалдық меншікті қорғау жүйесін жетілдіру туралы кеңес өткізді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев интеллектуалдық меншікті қорғау жүйесін жетілдіру шаралары туралы кеңес өткізді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 12 қазанда интеллектуалдық меншікті қорғау жүйесін жетілдіру шаралары туралы кеңес өткізді.
Интеллектуалды меншік Еуропадағы ЖІӨ-нің 45 пайызын, Қытайда 12 пайызды, Ресейде 7 пайызды құрайды. Өкінішке орай Өзбекстан бұл тұрғыда әлемдік нарықтан біраз артта.
Себебі тиісті мекемелер де, аймақ басшылары да интеллектуалды меншік мәселесіне назар аудармағанның арқасында өнертапқыш жандар мен ғалымдар шетелге кетті. Ал, ғылыми институттар инновацияларды, өндіріс ошақтары тұтынушыға қажет әзірлеме мен әмбебап бренд жасай алмады.
Жиында осы саладағы заңнаманы жетілдіру, интеллектуалды меншікті қорғауды күшейту, ғылыми жетістіктерді әр ведомство мен салаға жеткізу мәселелері талқыланып, Әділет министрлігі мен Интеллектуалды меншік агенттігіне барлық ведомстволар мен өңірлер, университеттер және ғылыми-зерттеу мекемелерімен кең талқылау жүргізіп саланы дамытуға бағытталған үш жылдық бағдарлама әзірлеу тапсырылды.
Ел аумағында жылына 4500-ге жуық интеллектуалды меншік объектілері, оның ішінде 2000-нан астам сауда белгілері тіркеуден өтеді. Мысалы, Науаиы кен-металлургия комбинаты соңғы он жыл ішінде 35 өнертабысты тіркеуден өткізген. Оның 16-сы 400 миллиардтан астам соммаға экономикалық пайда әкелді. Осы әзірлемелерді басқа елдердің алтын өндіруші компанияларына сату бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Бірақ мұндай өнертабыстар шетелде тіркелуде. Себебі біздің елімізде құндылықтар жүйесі іс жүзінде жұмыс істемейді. Нәтижесінде көптеген әзірлемелер коммерцияланбай қалады. Сондықтан Дүниежүзілік интеллектуалды меншік ұйымының сарапшыларымен бағалаушыларды оқыту жүйесін құру маңызды екендігі айтылды.
Келесі жылдың бірінші тоқсанында өнеркәсіптік меншік патенттерінің платформасын құру және оған өнеркәсіп саласындағы интеллектуалды меншікті орналастыру, аймақтардағы кәсіпорындар мен университеттерде интеллектуалды меншік туралы мәліметтер базасын құру міндеті қойылды.
Мемлекет басшысы жергілікті тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу мәселесіне ерекше назар аударып, -Патент иелерін кәсіпкерлер мен бірге байланыстыру қажет, деді.
Кәсіпкерлердің өнімдерін брендке айналдыру бағдарламасы мен электронды платформасын әзірлеу және аймақтарда бренд-жәрмеңкелерді өткізу қажет екендігі сөз болды.

