Мемлекет басшысы инновациялық кластерлерді құру бойынша видеоселекторлы жиын өтікзді
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 14 ақпанда жеміс-көкөніс кластерлерін тиімді ұйымдастыру, мақта кластерлерінің қызметін жетілдіру және мемлекеттік қажеттіліктер үшін мақта мен астық өндірісін кезең-кезеңімен тоқтату туралы видеоселекторлы мәжілісі өтті.
Өзбекстанда 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің көлемі 100 млрд доллар, жылдық экспорт 30 млрд долларға жеткізу жоспары қойылған болып, онда негізінен аймақтарда кластерлер жұмысын жолға қойып олардан дұрыс пайдалану көзделген.
Сол себептенде Мемлекет басшысының 2019 жылдың 11 жетоқсандағы қаулысымен осыған қажетті барлық ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерді жасалған болатын.

Ендігі кезекте жүйедегі шартты қатынастарды дұрыс қалыптасуын қадағалаумен өнім өндірушінің, өңдеушінің және экспорттаушының мүдделерін, міндеттері мен жауапкершілігін нақты анықтау қажет.
Жеміс-жидектер мен көкөністердің экспортын жүйелі ұйымдастыру, өндіруші мен экспорттаушы арасындағы қарым-қатынасты орнату мақсатында жеміс-көкөніс өсіру мен жүзім шаруашылығындағы кластерлік жүйелер жасауға Орталық банк және коммерциялық банк басшыларының орынбасарынан бірі осы кластерлерді айналым қаражаттарымен қамтамасыз етуге және олардың жобаларын уақтылы қаржыландыруға жауапты ретінде біріктірілді.

-Кластерлер құрудан негізгі мақсат - экспортты ұлғайту. Ол үшін жаңа базар табу керек. Нарық болмаса, экспорт та, кластерлік жүйе де алға жылжымайды. Сондықтан шетелдегі сұранысты мұқият зерттеп, мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және экспорттың бірізділігін қамтамасыз ету қажет. Биылдан бастап ауыл шаруашылығында үлкен реформаларды басталғалы тұр. Сондықтан әкімдер бұл мәселені түсініп, ішкі жағдайды толық бақылауы қажет. Бұдан басқа жол жоқ. Ауыл шаруашылығындағы өндірісті ырықтандырусыз, қызығушылықтың артуынсыз экономикалық өсім мен өнімділікке қол жеткізу мүмкін емес», - деді Шавкат Мирзияев.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.