Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Хорезм облысының инвестициялық жобалар таныстырылымына қатысты
23:40 / 2021-03-23

Президент Шавкат Мирзияев 23 наурызда Хорезм облысында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың таныстырылымына қатысты.

Былғы жоспар бойынша Хорезм өңіріндегі механизмді жалғастыру мақсатында жалпы құны 1,32 миллиард долларды құрайтын 812 инвестициялық жоба жасақталып, оның 770-і аймақтық, 42-сі салалық болып табылады.

Секторлар бойынша қарастырсақ олардың 273-і өнеркәсіптік, 277-і қызмет көрсету және 262-сі ауылшаруашылық саласына арналған. Осы жобалар негізінде 23 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 65 млн долларлық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығарау көзделген.

Хорезм аймағының негізгі «өсу нүктелері» тоқыма, автомобиль, электр және тамақ өнеркәсібі, туризм, қызмет көрсету, жылыжай қожалығы болып табылады.

Нақтырақ айтар болсақ, мақта-мата кластері бойынша 49 жоба қарастырылып, оның нәтижесінде облыста өсірілген мақтаны өңдеу деңгейі екі еседен артып, кейбір көрсеткіштер бойынша 100% -ға жетеді. Иірілген жіптің өндірістік қуаты 47 мың тоннадан 104 мың тоннаға, мата өндірісі 9 мың тоннадан 49 мың тоннаға, дайын киім 47 миллионнан 152 миллион данаға дейін артады.

Автомобиль өнеркәсібінде шанақ бөлшектері мен әртүрлі қосалқы бөлшектердің 100 түрін шығаратын 6 жоба жүзеге асырылуда. Ал, құрылыс материалдары саласында 85 жоба жоспарланған.

Ауыл шаруашылығындағы жерді лазерлік нивелирлеу мен тамшылатып суаруды кеңінен енгізу жұмыстары басталып, осы арқылы мақта өнімділігін 35 центнерге және дәнді 66 центнерге дейін арттыру мақсаты қойылды.

Азық-түлік қауіпсіздігі мен бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында биыл былтырғыдан 151 мың тонна жеміс-жидек пен көкөніс өсіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мал басын көбейту бойынша 20, құс шаруашылығы бойынша 24, балық шаруашылығын индустриялық дамыту саласында 8 жоба жүзеге асырылады.

Презентацияда туризм, энергетика, зергерлік бұйымдар, құрылыс саласындағы жобаларға да назар аударылды.

Мемлекет басшысы жобаларды мақұлдап, қосымша жобалар қалыптастыру міндетін жүктеді және махаллада «өсу нүктелерін» тауып, жұмыс орындарын көбейтуді, жұмыссыздарды, әсіресе жастар мен әйелдерді жұмысқа орналастыруды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлерді қолдауды тапсырды.