Президент Шавкат Мирзияев бүгін елдегі гидрометеорологиялық қызметті жетілдірудің басым бағыттарын талқылауға арналған кеңес өткізді.
Гидрометеорологиялық қызмет ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, экология сияқты көптеген салалар үшін өте маңызды. Алайда, жылдар бойы қараусыз қалғаны салдарынан Өзбекстандағы бұл бағыт уақыт талабынан артта қалғаны белгілі. Өйткені аэрологиялық бақылау 1995 жылдан бері өтпей келеді. Бұл есе, ауа-райы туралы ақпараттың сенімділігін төмендетуі табиғи жағдай. Ал халықаралық стандарт негізінен алып қарайтын болсақ, Өзбекстан аймағында 4 мың станция болуы керек, бірақ іс жүзінде 335 станция ғана бар.
Елдегі гидрометеорологиялық қызмет көрсету орталығының материалдық-техникалық базасы ескірген, ал оның экономикалық тиімділігі төмендеп кеткенін айтудың өзі ыңғайсыз. Орталық өткен 9 айдағы шығындарының 6 пайызын ғана өз кірістерінен жапқан.
Бүгінгі жиында Мемлекет басшысы:- Гидрометеорология біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан бүгінгі күннің басты міндеті - жүйеде қызмет көрсету сапасын өзгерту керек, - деді Шавкат Мирзияев.
Қазіргі кезде метеорологиялық мәліметтер 35 агенттікке, оның ішінде 20-ға жуық коммерциялық ұйымдарға тегін беріліп келеді. Қызмет құны өзіндік құнмен салыстырғанда төмен және ол 15 жыл бойы қарастырылмаған. Мемлекет басшысы осы бағаны қайта қарап шығып, ақылы қызметтер санын көбейту керек екенін айтты.
Гидрометеорология орталықта 100 жылдық деректер сақталуда. Олар қағаз түрінде болып, 18 миллион парақтан тұрады екен. Ал енді бұл мәліметтерді толығымен цифрландыру міндеті тұр.
Жиында метеорологиялық қызметтің материалдық-техникалық жабдықталуындағы кемшіліктер егжей-тегжейлі талқыланып, 70 станцияның тек 14-і ғана автоматтандырылғандығы мәлім болды. Ауа-райы болжамы он жыл бұрынғы бағдарламалық өнімдерге негізделген. Нәтижесінде ауа-райы және табиғи апаттар туралы мәліметтер кешігеді. Бұл Ташкент, Самарқанд және Нүкістегі 3 метеорологиялық локатор мәліметтері жеткіліксіз болуда.
Сондықтан алдағы жылдары Бұқара, Науаиы, Сұрхандария және Наманган облыстарына локаторлар орнату, барлық станцияларды автоматтандыру, жаңа станциялар мен посттар салу тапсырылды.
Узгидромет - Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның аймақтық орталығы саналады. Осы мәртебені сақтаудың маңыздылығын атап өткен Мемлекет басшысы 2022 жылы Самарқандта резервтік деректерді жинау, өңдеу және сақтау үшін аймақтық хаб құруды тапсырды.