Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Франция даму агенттігінің бас атқарушы директорын қабылдады
15:53 / 2023-05-17

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 17 мамырда Самарқанд қаласында Еуропалық қайта құру және даму банкі директорлар кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысып жатқан Франция даму агенттігінің бас атқарушы директоры Реми Риуды қабылдады.

Жаңа Серіктестік бағдарламасы мен «жол картасы» аясында Францияның даму агенттігімен көпжақты ынтымақтастықты кеңейтудің практикалық аспектілері талқыланды.

Бүгінде Өзбекстан агенттіктің жетекші серіктесі болып табылады. Бірлескен жобалардың портфелі соңғы жылы отыз пайызға артып, 1,3 миллиард долларды құрауда.

«Жасыл» экономика, коммуналдық секторды, оның ішінде сумен жабдықтау желілерін жаңғырту, энергетикалық инфрақұрылымды, мал шаруашылығын дамыту және басқа да салалар бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Кездесуде кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын ілгерілету, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тиімді тетіктерін енгізу, агенттіктің «ПРОПАРКО» және «Экспертиза Франс» құрылымдарымен ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.