Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 4 ақпанда Ферғана облысына жасаған сапары барысында, Алтыарық ауданындағы жүзім кооперативіне барды.
Атаулы жүзім алқабы 6 гектарлы аймақта болып, бұрын мұнда мақтадан 20, бидайдан 25 центнер астық өндірілген. Өткен жылы мұнда бау-бақша құрылып жүзімнің бірнеше үздік сортты көшеттері отырғызылды және тамшылатып суару жүйесі енгізілді.
Қазір мұндағы жүзім кооперативі құрамында 130 гектар болып, содан 40 гектары жүзім алқабы қалған 90 гектарлы аймақ интенсивті бау.
Мемлекет басшысы осындағы жас жұмысшылармен кездесіп әңгімелесті: Әрбір жеткіншектің ата-анасы секілді менде олар үшін қайғырамын. Жастарды тезірек жұмыспен қамтамасыз етудегі тамаша мүмкіндіктеріміздің бірі осы. Өмірде өз орнын тапқан адамда өзіне деген сенімділік пен талпыныс пайда болады. Бүгінде біз жастарға табыс көзін жасап, оларды оқытып, жұмыс жасасақ, 2-3 жылдың ішінде олар ешкімге тәуелді болмайды. Банкте есепшоы болып, үй алады, жақсы өмір сүреді, балаларын жақсы тәрбиелейді, деді Шавкат Мирзияев.



Мұндағы шара барысында Ферғана облысының ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын жобалардың таныстырылымы өтті.




