Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Ферғана облысына жасаған сапары аясында Ферғана қаласында жаңадан бой көтерген 16 қабатты жаңа түрғын үйлерді барып көрді.
Тұрғындар игілігі үшін 11 сотық жерде бой көтерген жаңа 16 қабатты екі үйге 160 отбасы орналастырылады және пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге беріледі.
Құрылыста сейсмология мен заманауи сәулеттің талаптарына ерекше назар аударылған болып, энергия үнемдейтін, сапалы материалдар қолданылған. Үйлердің жанында балалар алаңы, автотұрақ бар. 420 орындық мектеп пен 380 орындық балабақша салынуда.



Мемлекет басшысы үйлердің құрылыс технологиясы мен сапасын көзден кешіріп, өрт қауіпсіздігі, коммуналдық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жауапты адамдарға қосымша нұсқаулар берді.
Сонымен қатар 39 мың шақырмды ішкі жолдың құрылысына 5 түрдегі аралас қоспалы материалдардан дайындалған өнімнің үлгісімен танысып бұл әзірлемелерді инженерлік тұрғыдан жетілдіру, шикізат қоры мен қажетті құрал-жабдықтарды нақты есептеу және дайын өнімді таңдау, жетілдіріп алу керектігін айтып қажетті нұсқаулар берді.





осы кездесулерден кейін Президент Шавкат Мирзияев Ферғана облысына жасаған екі күндік сапарын аяқтап, Ташкентке қайтып кетті.

