English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы фармацевтика саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
21:53 / 2022-04-12

12 сәуірде Президент Шавкат Мирзияев фармацевтика саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

2022 жыл 21 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022-2026 жылдарда фармацевтика саласын дамыту туралы қаулысы қабылданған болатын. Оған сәйкес, отандық дәрі-дәрмек өндірісін 3 есеге арттыру, ішкі нарықты қамтамасыз ету деңгейін табиғи түрде 80 пайызға жеткізу міндеті қойылған еді.

Өзбекстанда жылына 1,6 миллиард долларлық фармацевтикалық өнімдер пайдаланылады. Оның басым бөлігі – шамамен 1,2 миллиард долларлық өтімі импорттан келеді.

Өңірлер бойынша қарағанда, жергіліктендіру деңгейі мүлде қанағаттанарлықсыз. Қашқадария, Сұрхандария, Хорезм, Бұхара және Ферғана облыстарында дәрі-дәрмектің 2-5 пайызын ғана жергілікті өндірушілер үлесіне тура келеді.

Сондықтан Фармацевтика саласын дамыту агенттігіне жобалармен жұмыс істеу жүйесін қайта құрылымдау тапсырылды. Дәрілік заттарға сұраныс зерттеліп, оларды жергіліктендіру шаралары белгіленді.

Атап айтқанда, биылдың өзінде 80 миллион долларды құрайтын 34 жоба жоспарланған. Шенеуніктерге бұл тұрғыда кәсіпкерлерге көмек көрсетіп, жобаларды дер кезінде іске қосу тапсырылды. Ірі шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізіп, олардың брендтерін тартудың маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар, Инвестициялық жобалар орталығы тағы 18 перспективалық жобаны әзірледі. Мемлекет басшысы оларды Үндістан, Германия, Түркия, Қытай және Оңтүстік Корея компанияларымен бірлесіп ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді. Жаңа жобалар мен айналым қаражат үшін 200 миллион доллар несие тартылатын болды.

Саладағы экспорт мәселесін талқылау кезінде, оның басым бөлігі Ташкент қаласы, Ташкент және Сырдария облыстарынан екені, басқа облыстарда бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен екені айтылды. Жаңа жобалардың нәтижесінде фармацевтикалық өнімдердің экспортын күрт арттыруға болатыны айтылды.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы министрлігіне республикада жоғары сұранысқа ие 120 дәрі-дәрмек түрін 3 жыл мерзімге жергілікті өндірушілерден сатып алу тапсырылды. Әсіресе онкология, гематология, эндокринология және вирустық аурулар бойынша дәрі-дәрмек құнын төмендету керектігі сөз болды.

Бүгінгі жиында отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі сөз болды.

Бүгінгі күнге дейін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін қосылған құн салығынан босатылған шикізаттың тізбесі бес мекемемен бекітілетін еді. Енді кезде бұл тізімді үшеуді құрайды – Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, Кеден комитеті және Фармацевтика өнеркәсібін дамыту агенттігі.

Сондай-ақ, енді жергілікті компаниялардан GMP сертификатын алуға байланысты шығындарды Фармацевтика саласын дамыту агенттігі өтейтін болады. Кәсіпорындарды жаңғыртуды қаржыландыру тікелей инвестиция қорының қатысуымен жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдеріне 80 ауданда дәрілік өсімдіктерді өсіруге бейімдеп плантациялар құру тапсырылды.

Бұл тәжірибені кеңейту кезінде кооперативтер мен отбасылық бизнес үшін қарастырылған барлық жеңілдіктер мен қаржыландыру шаралары қолданылатын болады.

Дәрілік өсімдіктерді өңдейтін кәсіпорындар 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді, шикізатты әкелу кезінде кедендік баж салығынан босатылады. Оларға дайын өнімді экспорттау үшін көлік шығындарының 50 пайызына дейін өтеледі, плантациялардың әрбір 10 гектарын суару үшін 600 мың сум субсидия бөлінеді және ауыл шаруашылығы дақылдарының басқа түрлерін дәрілік плантацияларға отырғызуға жол берілмейді. 

Мемлекет басшысы өңірлерде дәрілік өсімдіктер кластерлерін құру, жоғары оқу орындарында фармацевтикалық факультеттер ашу туралы ұсыныстарды қолдады.

Бүгінгі жиында қаралған мәселелер бойынша шенеуніктер, саладағы жетекші кәсіпорын басшылары мен дәрілік өсімдіктерді өсірумен айналысатын кәсіпкерлер сөз сөйледі. Президент олардың ұсыныстары мен бастамаларын жүзеге асыруды тапсырды.