Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов журналистерге арналған кезекті брифингте мәлімдеді.
Брифингте, Мемлекет басшысының өткен аптадағы қызметі туралы қысқаша ақпарат беріліп, осы аптада күтілетін маңызды оқиғалар туралы баяндалды.
Өткен аптаның маңызды оқиғасы Шавкат Мирзияевтің 20-21 қазан күндері Түркіменстанға ресми сапары болды және осы сапар аясында екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған бірнеше құжаттар топтамасына қол қойылды.
Бұл аптада да Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде ішкі және сыртқы саяси мәселелер бойынша бірқатар іс-шаралар, кездесулер мен сапарлар орын алған.
Бүгін, күннің бірінші жартысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары – Индустрия және сауда министрі Денис Мантуровты қабылдады.
Апта ішінде Президент Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельді қабылдайды. Кездесудің күн тәртібінде Өзбекстан мен Еуропалық Одақтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын талқылау, сондай-ақ өзекті аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта бірқатар шетелдік делегациялардың басшыларымен кездесулер ұйымдастыру мәселесі пысықталуда.
27 қазанда Мемлекет басшысы «Еуропа Одағы – Орталық Азия» саммитіне қатысу үшін Қазақстан Республикасының елордасы Астанаға барады.
Бұл ретте, осы жұмыс аптасынан бастап облыс басшылары елді-мекендерде әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Президентке есеп беруді бастайды.
Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіндегі ағымдағы және болашақтағы басымдықтарды талқылау жоспарлануда.