French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Эркин Тунияз бастаған делегацияны қабылдады
19:04 / 2024-03-28

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 28 наурыз күні Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Халық үкіметінің төрағасы Эркин Тунияз бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясын қабылдады.

Өзбекстан мен Қытайдың көп қырлы ынтымақтастығын одан әрі кеңейтудің, соның ішінде Өзбекстан аймақтары мен ШҰАР арасындағы практикалық байланыстарды дамытудың басым бағыттары талқыланды.

Өзбекстан-Қытай достығы мен стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарының бүгінгі жоғары деңгейі атап өтілді.

Өзбекстанның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен тауар айырбастау артып келеді – бүгінде екі ел арасындағы өзара сауданың 10 пайызға жуығы осы аймаққа тиесілі.

ШҰАР-дың жетекші компанияларымен бірлескен инвестициялық жобалар портфелі 3,5 млрд долларды құрап, бүгінгі таңда «жасыл» энергетика және электротехника, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының жаңа түрлерін өндіру, металлургия, инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да салаларға қатысты. 

Мәдени алмасу бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы ШҰАР мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың және бірлескен жобаларды жеделдетудің маңыздылығын атап өтті. Инновациялық технологиялар, ауыл және су шаруашылығы, көлік және логистика, банк және қаржы, білім беру, дәстүрлі медицина сияқты бірқатар басым бағыттар көрсетілді.

Өзбекстан жыл сайын Үрімжі қаласында өтетін «Экспо Қытай-Еуразия» басты көрмесіне белсенді түрде қатысып жатқаны атап өтілді.

Кездесуде гуманитарлық және туристік байланыстарды дамыту мәселелері де жан-жақты талқыланды.

«Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай» темір жолының құрылыс жобасын ілгерілетуге ерекше назар аударылды.