Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 30 сәуірде ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) директоры Маттео Мекаччи бастаған делегацияны қабылдады.
Кездесуде Өзбекстан мен ДИАҚБ арасындағы сындарлы диалог және тиімді серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін айтып өтті. Бюроның ауқымды миссиясы алғаш рет Өзбекстандағы Президенттік және парламенттік сайлауды бақылауға қатысты.
Сұхбат шағында, ДИАҚБ ұсынымдарын жүзеге асыруда Өзбекстанның Сайлау кодексін қабылдау мен жетілдіруді қоса алғанда, табысты ынтымақтастық орнатылғандығы айтылды. Онда Бюро сарапшылары адам құқықтары жөніндегі ұлттық стратегия мен ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы заң жобасын дайындауға қатысқан еді.
Өзбекстан ДИАҚБ-мен ең алдымен адам құқығы, сөз, дін және сенім бостандығы, гендерлік теңдік, жастарды қолдау, азаматтық қоғам институттарын дамыту, демократиялық реформалардың құқықтық базасын ең жақсы халықаралық тәжірибе негізінде нығайту мәселелері бойынша ұзақ мерзімді және тиімді серіктестікті жалғастыруға мүдделі.
Сонымен қатар, Өзбекстандағы өтетін маңызды іс-шараларға дайындық бойынша бірлесіп жұмыс жасау мақсатында мамыр айында бюроның бағалау миссиясы Өзбекстанға келеді.
ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Маттео Мекаччи Мемлекет басшысына жылы қабылдауы, ашық және мазмұнды әңгімесі үшін алғыс айтты. Ол елдің барлық барлық салалары мен бағыттарындағы кең ауқымды реформаларды қолдап, оларды ойдағыдай жүзеге асыруға бюро жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

