Ташкент қаласында өтіп жатқан «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық байланыс. Қатерлер мен мүмкіндіктер» халықаралық конференциясы аясында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Еуропалық Комиссияның вице-президенті, Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Джозеп Борреллді қабылдады.
Джозеф Боррелл Еуропалық Кеңестің Төрағасы Шарль Мишельдің және Еуропалық Комиссияның Төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізіп, Өзбекстан басшысының Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы байланысты нығайту жөніндегі жаһандық бастамасы маңызды әрі уақытылы екенін атап өтті.

Кездесуде Өзбекстан мен ЕО арасындағы серіктестік соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқандығы қанағаттанушылықпен атап өтілді. Көпжақты ынтымақтастықты, әсіресе адам капиталы және демократиялық жаңару, бизнес, инвестиция мен инновация, «жасыл» даму, экология, мәдени алмасу және басқа да салаларда одан әрі кеңейту маңызды екендігі сөз болып, Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім бойынша келіссөздер аяқталғаны жарияланды.


Тараптар халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасып, Ауғанстанда бейбітшілікті нығайтуға ерекше назар аударды.