Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығында 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа даму стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі бейне байланысты жиынында, Президент кешегі электр желісіндегі ақауға байланысты сөз айтты.
– Біз бүгін жаһандық әлемде өмір сүріп жатырмыз. Жаһандық әлемде бәрі өзара байланысты. Әр адамның өмірі барған сайын бүкіл адамзаттың өмірімен байланысты болып келеді. Шалғай елді мекендерде болып жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық процестер мен техногендік апаттар бізге де әсер етуде. Кешегі техникалық электр қуатының өшуі бүкіл облыстың тыныс-тіршілігіне бірден әсер еткеніне бәріміз куә болдық. Мен бұл апатты білген бойда бірден үкіметтік комиссия құруды тапсырдым. Комиссия, сала, облыс басшыларымен тұрақты байланыста болып, апатты жою және оның экономикаға, халық өміріне тигізетін кері әсерін жою жұмыстарын жеке бақылауыма алдым, – деді Мемлекет басшысы.
Осындай «экстремалды» жағдайда энергетика, мұнай-газ, коммуналдық қызмет, көлік, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар және құқық қорғау органдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының арқасында апаттың салдары біртіндеп жойылуда.
Сонымен бірге, мұндай жағдайда халқымыз да жағдайды дұрыс қабылдап, үрейленбеді. Осы сәтті пайдалана отырып, ең алдымен осы жағдайдан шығуға аянбай тер төккен шыдамды халқымызға, сондай-ақ барлық сала мен мекеме қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге алғысымды білдіргім келеді.
Осы оқиғадан дұрыс қорытынды шығара отырып, Өзбекстанның дамуын қазіргі заманның жаһандық мәселелерімен көбірек байланыстыра қарауымыз керек. Біз осыған байланысты бар қауіптер және проблемалармен күресуге әрқашан дайын болуымыз қажет. Бейбіт өмір аспаннан түспейді. Бұл өмірді бағалай білу, оны қадірлеу, осы өмірді қорғау керек, деді Президент.