Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы елдегі жетекші өндірісті саланың даму жобасымен танысты
22:10 / 2020-07-16

Мемлекет басшысы жобалардың тұсаукесерімен танысып, оларды тез арада іске асыру мен сапалы жасау керектігі жөнінде тапсырмалар берді


Президент Шавкат Мирзияев 16 шілдеде мұнай-газ химиясы, электротехника және фармацевтика саласындағы жаңа жобалар мен саланың дамуы туралы бейне байланысты тұсаукесерге қатысты, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Тұсаукесерде мұнай және газ химиясы саласындағы жаңа жобалар туралы ақпарат беріліп, онда өткен жылы «Науаиыазот» АҚ Поливинилхлорид каустик сода мен метанол өндірістік кешені жолға қойылған болатын. Бүгінде осы кешеннің екінші кезеңі жобалану үстінде. Жоба құны шамамен 440 миллион долларды құрайды және мұнда 650 адамды жұмыспен қамтып жылына 132 млн долларлық өнім шығару көзделген. Кешенде заманауи технологияларды орнату арқылы табиғи газдың көп мөлшері үнемделетін болады.

Келесі 25 миллион долларлық жоба сутегі асқын тотығын өндіруге арналған. Тазартатын және дезинфекциялау қасиетіне ие бұл зат фармацевтикалық, медициналық, тоқыма және тұрмыстық жағдайда кеңінен қолданылады. 2021 жылы қыркүйекте Науаиы облысында іске қосылуы жоспарланған бұл зауыт 50 жұмыс орнын ашып, жылына 20 млн доллар өнім өндіреді.

Жалпы құны 12 миллион долларлық карбоксиметилцеллюлоза негізіндегі реагент өндірісті жоба болып, ол құрылыс, бұрғылау, тамақ өнеркәсібі мен медицина үшін маңызды екені белгілі. Бұл жобаның бірінші кезеңі осы жылдың наурыз айында Ташкент облысы Жоғары Шыршық ауданында іске қосылды. Толықтай 2023 жылға қарай төрт кезең аяқталуымен импорт орнын басушы 9 миллион долларлық, экспортқа бөлек 13 миллион долларлық өнім шығатын болады және 100 жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысы жоғарыдағы жобалардың тұсаукесерімен танысып, оларды тез арада іске асыру мен сапалы жасау керектігі жөнінде тапсырмалар берді. 


Хабардың толық нұсқасын «president.uz» сайтынан оқи аласыздар.