Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жиын өткізді
18:08 / 2019-09-06

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев ауыл шаруашылығын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған басым бағыттары туралы кеңес өткізді.


Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 6 қыркүйекте ауыл шаруашылығын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған кеңес өткізді.

Қазірде Өзбекстанда республика аумағының 45 пайзын ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер құрайды. Бұл салада еңбекке қабілетті халықтың жартысына жуығы жұмыс істейді.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығын реформалау және нарықтық тетіктерді енгізу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп, мемлекеттік сатып алу бағасының үш есе өсуі нәтижесінде пайда көру көлемі артты. Соның негізінде қазір мақта мен астық асар емес, нақты табыс көзіне айналды.

Елде жаңа технологиялар мен инновацияларды қоғамға енгізу, еңбек өнімділігі мен жалақыны көтеру үшін мақсатында 76 мақталы тоқыма кластері құрылды.

Биылдың өзінде 25 мың гектарлы мақта алқаптарында суды үнемдейтін жаңа суару жүйесі енгізіліп, 1 миллион 100 мың гектар жерді қалпына келтіруге байланысты істер басталды.

Бұл тірліктер жақсы нәтиже, бірақ бұл реформаның алғашқы кезеңі ғана.

Мемлекет басшысы бүгінгі күнді ғана емес, ертеңгі күнді де ойлап, ұзақ мерзімді реформаларды жаңа деңгейге көтеру керек екендігін алға тартып, осы сынды міндеттерді тапсырды.

Осы жылы басталған жерді ғарыштық зерттеу арқылы топырақ пен егіннің негізгі жағдайын жедел және сенімді бағалау әстерін 2020 жылдың аяғына дейін аяқтау керек. Бұл жүйе өсімдіктер процесі, топырақтың мелиорациясы мен минералдануы, ылғалдылық деңгейі туралы толық ақпарат беріп, өнімділікті 25-30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ғылыми-зерттеу институттарына өңірдің климаттық жағдайына сәйкес ерте пісетін өнім түрлері және асыл тұқымды шаруа малдарын көбейту жайлы, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бойынша нұсқаулар берілді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.