Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне қатысады
17:29 / 2021-11-26

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың шақыруымен 28 қарашада Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 15-ші саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Ашхабадқа барады.

Саммиттің күн тәртібіне сәйкес, ұйым аясындағы көпжақты әріптестікті одан әрі кеңейту, бірінші кезекте сауда-саттық қатынастарын дамыту, өңірдің транзиттік әлеуетін арттыру, «жасыл» экономиканы ілгерілету және инновацияларды енгізу мәселелері қаралады. Алқалы басқосуда саммиттің қорытынды құжатын қабылдау жоспарланған.

Түркіменстанға сапар аясында бірқатар екіжақты кездесулер де орын алған.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аймақтық көпжақты құрылым болып, аймақ елдері арасындағы тығыз сауда-экономикалық байланысты дамытуға жәрдемдесу мақсатында 1985 жылы құрылған.

Бүгінде ұйымға Өзбекстан, Түркия, Иран, Пәкістан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Ауғанстан мүше. Өзбекстан ұйымға 1992 жылы қосылған.